Әскери қызметке шақыру

Қоғамның Отан қорғаушы болуға ұмтылатын жоғары патриоттық азаматтарын тәрбиелеу – мемлекеттің негізгі міндеттерінің бірі. Ағымдағы жылғы 1 наурыздан бастап Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа әскерлердің және әскери құралымдардың қатарына мерзімді әскери қызметке шақыру басталды.

МУЗЫКАЛЫҚ ҚОНАҚЖАЙ

2024 жылдың 2 сәуір күні Ж.Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледжінде Музыка кафедрасының онкүндігі аясында «Музыкалық қонақжайда» атты дәстүрлі өнер кешіне Утарова Ақмарал Басыровнаның ұйымдастыруымен Батыс Қазақстан облыстық Ғарифолла Құрманғалиев атындағы филармониясының әртістері, Москва қаласында өткен "Современное искусство и образование" l халықаралық байқауының дипломанты және "Әуен фест" республикалық байқауының лауреаты "Классика" камералық ансамблімен шығармашылық кездесу өтті.

МУЗЫКАЛЫҚ ҚОНАҚЖАЙ

2024 жылдың 1 сәуір күні Ж.Досмухамедов атындағы жоғары педагогикалық колледжінде Музыка кафедрасының онкүндігі аясында Есқайров Қанат Амангелдиевичтің ұйымдастыруымен «Музыкалық қонақжайда» атты дәстүрлі өнер кешіне Ақжайық ауданы Чапаев ауылынан БҚО “Жігіт сұлтаны” бас жүлдегері, “Бейбітшілік әлемі” халықаралық қазақ творчестволық бірлестігі алтын медалі иегері, БҚО-ның «Үздік мәдениет қызметкері» төсбелгісінің иегері, “Күйшілер одағы" Республикалық қоғамдық бірлестігі мүшесі, Республикалық байқаулардың жеңімпазы күйші, дүлдүл домбырашы, Ақжайық аудандық "халықтық" ұлт аспаптар оркестрінің дирижері, Ақжайық ауданы БББ «Балалар музыка мектебінің» оқытушысы Сапаров Халел Айтқалиұлымен шығармашылық кездесу өтті.

Диплом алдындағы практиканы қорытындылау конференциясы ұйымдастырылды

Ж.Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледжінде 29 наурыз күні практика бөлімінің жоспарына сәйкес студенттердің диплом алдындағы практиканы қорытындылау конференциясы ұйымдастырылды. Конференцияға «Мектепке дейінгі тәрбие», «Бастауыш білім беру»,  «Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі», «Шетел тілі мұғалімі», «Орыс тілі мен әдебиеті мұғалімі», «Дене тәрбиесі мұғалімі» «Көркем еңбек мұғалімі» біліктіліктері бойынша оқитын студентер, практикаға дайындаған әдіскерлер және сараптау комиссиясының мүшелері ретінде колледж директоры А.Ж.Кайрлиева, директордың оқу ісі жөніңдегі орынбасары С.М.Кенжегалиева, оқу-өңдірістік жұмысы жөніңдегі орынбасар М.С.Мукашев, ақпараттық істер жөніндегі орынбасар А.М.Бижанов қатысып талдау жасады. Конференция барысында әр мамандықтар бойынша топ студенттері қорытынды есептерін практика жетекшілерінің қолдауымен шығармашылық тұрғыда әр түрлі форматта:  жәрмеңке, телерепортаж, әуе лайнерімен саяхат, сұхбат, презетация түрінде баяндады. Студенттер шағын көрмелерінде практика құжаттары, қолданған көрнекіліктері мен дидактикалық материалдары, оқушылардың практикалық жұмыс нәтижелерімен таныстырып, алған әсерлерімен бөлісті.

Қ.Аманжолов «Өзім туралы» өлеңі тақырыбында зерттеу сабағы өткізілді

29 наурыз күні қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының оқытушысы Б.Б.Құрманғалиева Lesson study 1аКШО-9 тобына «Қазақ әдебиеті» пәнінен Қ.Аманжолов «Өзім туралы» өлеңі тақырыбында зерттеу сабағын өткізді.

СҮЙІНШІ! СҮЙІНШІ! СҮЙІНШІ!

Колледжіміздің 4аКШФ-9 тобының студенті Қамидоллаева Жансая Тараз қаласында өткен жауынгерлік самбодан 50 кг салмақ дәрежесінде Қазақстан Республикасының чемпионы атанды!

МУЗЫКА АРҚЫЛЫ ТРАНСФОРМАЦИЯ: ТҰЛҒАЛЫҚ ӨСУ ЖӘНЕ ӨЗІН ӨЗІ ДАМЫТУ

29 наурыз Ж.Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледжінің музыка кафедрасының бүгін «Музыка арқылы трансформация: тұлғалық өсу және өзін өзі дамыту»атты кәсіби онкүндігінің кезекті шарасы болды. Жоспар бойынша 3 асКШМ-9 тобының студенттері арасында "Музыка сабағына жаңа көзқарас" атты байқау өтті. Байқау мақсаты: музыка сабағында ұйымдастыруда әртүрлі әдістер мен тәсілдерді қолдану, өзін аудитория алдында ұстай білу, шығармашылық дамыту.

Сабақты қызықты ету жолдары

«Сабақ үрдісінде бағалау нәтижесіне жету жолындағы ақпараттық-әдістемелік қолдау» жобасы жыл бойы нәтижелі жұмыс жасап келеді. Жобаның мақсаты: Сабақ үрдісінде колледж оқытушыларына ақпараттық-әдістемелік қолдау көрсете отырып, бағалау нәтижесіне жету, колледждегі білім алушылардың білім сапасын арттыру.

Терроризмнен сақтану - басты міндет

28 наурыз күні Ж.Досмухамедов атындағы жоғары педагогикалық колледжі 1сКШО-9 тобының студенттеріне <<Терроризмнен сақтану - басты міндет>> тақырыбында тәрбие сағаты өтті.
Мақсаты: Студенттерге терроризм туралы терең түсінік беру, оның түрлері , себептері мен зардаптарын ұғындыру , сақтана білуді үйрету.Топ жетекшісі Алтынай Жауарбекқызы студенттерге терроризмнің таралу себептері мен оған қарсы әрекет түрлері жөнінде түсіндіріп, бүгінгі өмірмен байланыстыра алдын алу шараларын ескеру мақсатында Мәскеу қаласы наурыз айындағы террорлық актіні талдап , ғаламтор материалдарын пайдалана отырып , студенттерді өмір қауіпсіздігіне , жанашырлыққа шақырды .
Тәрбие сағаты пікірталас түрінде өтті.Студенттер Мәскеу қаласындағы террорлық актіге байланысты өз ойларын ортаға салды. Студенттер тарихшылар, дінтанушылар, саясаткерлер болып , 3 топқа бөлініп <<Миға шабуыл>> әдісімен бейнероликті тамашалап, әр топ терроризм , терроризмнің алдын алу , террорлық актіден сақтану жолдары жөнінде өз ойларын ортаға салып қорғады.
Кері байланыс алу мақсатында топ мүшелері қойылған сұраққа жауап берді.Тәрбие сағаты қорытындысында әр топ басшылары бейбіт рухтағы адами қасиеттерін қалыптастыруға бағытталған өз пікірлерін білдірді.
КОЛЛЕДЖБЕН БАЙЛАНЫС
Мекен-жайы: Қазақстан 090000, Орал қаласы, Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы 173
Телефон: (7112) 24-03-72, 24-01-73, 24-03-45, 31-40-46
E-mail: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

ОҚУ АҚЫСЫН ТӨЛЕУ

Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының «Ж.Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледжі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Нұрсұлтан Назарбаев көшесі, 173

БСН 990940002548
БСК IRTYKZKA
ЖСК KZ6096512F0007757685
"ForteBank" АҚ Орал қаласындағы филиалы. кбе 16
Клиент үшін бірегей код: СEA2272374

Бүгін 1075

Кеше 1197

Осы аптада 3517

Осы айда 5612

Барлығы 183131

Kubik-Rubik Joomla! Extensions

Посмотреть на карте Уральска