Колледжіміздің 2апКШК-11 тобының студенті Салимова Жаннұр “Бар мейірім балаларға” атты шаралар легі аясында 13.04.24 күні таңертең сағат 10- да жоғары спорт шеберлігі мектебіне барып, су тасқынынан зардап шеккен отбасы балаларының бос уақытын ұйымдастырды.
Спорт залда 34 бала бар. Балаларға танысу тренигін өткіздім. Әсем әуенмен керемет биледі. Оқушылар өте зерек. Ең кішісі Хан үш жаста.
Таңғы ауамен ойын ойнадық, түрлі түсті борлармен жерге әртүрлі суреттер салып, өз ойларын айтты. Бала тілі бал. Қарындаш, қаламсаптары мен дәптерлеріндегі суреттерді бояды.
Балалврмен шеңбер құрып, "Ақсерек пен Көксерек", "телефон" ойындарын ойнады. Ақ бетке саусақ іздерін салып, бойындағы жақсы қасиеттері мен армандарын жазды. 4-сыныптың әдебиеттік оқуын алып, "Шөл" мәтінін оқыды. Бүгінгі күндері өте қызықты болды. Бірлесіп әрекет етті. Балалардың жүзіндегі күлкіні көру мен үшін үлкен бақыт!