Ж.Досмұхамедов атындағы педагогикалық колледжінде ұжымға арналған “Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет” ақпараттық сағат өткізілді. Шара барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру туралы тренингтер ұйымдастырылып, Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы Қазақстан Республикасының Заңы 2015 жылғы 18 қарашадағы № 410-V ҚРЗ. заңнамасы оқытушылар арасында талқыланды.
Наурыз мерекесі - халқымыздың сан ғасырдан бері келе жатқан ең құнды мерекесі. Бұл күні жер көгеріп, гүлдер қауыз жарып, күллі тіршілік атаулы жанданып, жасарады.
19 наурыз күні Жаңару күніне орай студенттер үйінде де Наурыз мейрамы тойланды.
18 наурыз күні Ж.Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледжінде Студенттік Парламенттің және “Әй-керім” қыздар клубының ұйымдастыруымен ұлттық киімді насихаттау мақсатында “Жаһанша аруы 2024” байқауы өтті.