«Цифрлық Қазақстан»

«Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының мақсаты орта мерзімді перспективада қазақстан Республикасы экономиксының даму қарқынының жеделдету және цифрлық технологияларды есебінен халықтың өмір сүру сапасын жақсарту, сондай-ақ ұзақ мерзімді преспективада Қазақстан экономикасынболашақтың цифрлық экономикасын қамтамасыз ететін түбегейлі жаңа даму траекториясына көшіруге жағдай жасау болып табылады.

«Бар мейіріміміз балаларға»

14.03.2019 күні Ж.Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледжінің әлеуметтік педагогы А.Мухсинова өзі жетекшілік ететін «Ынтымақ» волонтерлар клубының белсенді жастарымен және дене шынықтыру мұғалімі Қ.Таубаев «Руханият мобильді» тобымен бірге «Облыстық отбасы үлгісіндегі балалар ауылындағы» бүлдіршіндерге ұлттық ойындардан сайыстар өткізіп, тренингтер, құм терапиясымен жұмыстар жүргізіп, сонымен қатар битбокс жанрында өнер көрсетіп, сәби көңілдерге қуаныш силап қайтты.

«Өз әлеміңе саяхат» релаксациялық жаттығу

13.03.2019 күні Ж.Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледжінде әлеуметтік педагог А.Мухсинова 1сКШИ тобына өздерін сергек сезінуіне, медиатативтік техника арқылы денедегі қысымды түсіруге бағытталған «Өз әлеміңе саяхат» атты релаксациялық жаттығу тренингін өткізді.

«Ұлы далада –Ұлы той!»

12-ші наурыз Ж.Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледжінде «Ұлы далада-Ұлы той!» атты акция өтілді. Акция барысында белсенділер колледж студенттеріне және оқытушыларға қазақи тағамдардан, бауырсақ пен көжеден дәм татқызды. Осылайша біз Әз наурыздың исін шығардық.  

«Қайырымдылық» акциясы

Қаламызда «Қайырымдылық» шарасы әлі де жалғасуда. Акция барысында 11.03.2019 күні Ж.Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледжінің әлеуметтік педагогы А.Мухсинова және қайырымдылыққа жаны құштар студенттері өңіріміздің Ұлы Отан соғысының ардагері Лермонтов42 мекенжайында тұратын Гумаров Ғалымжан атамыздың үйінің ауласындағы және шатырында жиналған қар мен мұздықтарды түсіру жұмыстарын жүргізді.

«Қайырымдылық» айлығы аясында

«Қайырымдылық» айлығы колледжімізде әлі де жалғасын табуда. Соның тағы бір көрінісі – Ж.Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледжінің жақсылыққа жаны құштар, қайырымдылық жасауға әзір белсенді студенттері 06.03.2019 күні Фрунзе 47, 8 үй мекенжайында тұратын І топ мүгедегі С.Будаковтың үйінің ауласындағы және шатырында жиналған қар мен мұздықтарды түсіру жұмыстарын жүргізді.

Халық билері байқауы

Байқаудың мақсаты – хореографиялық өнерді халық билері арқылы насихаттау, Қазақстан халықтарының мәдени мұраларын дамыту және сақтау, халықтардың дәстүрлі мәдениетін жаңғырту, үздік бишілерді анықтап, өнерлерін жетілдіру және өнерлеріндамуына жағдай жасау. Байқауда әр түрлі мамандық студенттері өздерінің бақтарын сынады.

«Қайырымдылық» шарасы жалғасын табуда

05.03.2019 күні Ж.Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледжінің белсенді жастары «Қайырымдылық» акциясы аясында Расширенный переулок 2/1 мекенжайында тұратын зейнеткер Темірханова Күләш апайдың үйінің ауласындағы және шатырында жиналған қар мен мұздықтарды түсіру жұмыстарын жүргізді. Белсенді жастардан алған осынау игілікті іске атсалысып жатқан жастарымыздың қатарының толысып жатқаны көңілге қуаныш ұялатады.

«Туберкулездің алдын-алу» бойынша түсіндіру жұмыстары

05.03.2019 күні Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледжінде Батыс Қазақстан облысының Қоғамдық Денсаулық сақтау департаментінің туберкулезді алдын-алу бөлімінің маманы А.И.Утегенова, ЛХВ ОЛТД-ның бас маманы Кеншеиров Мәрлен, УГУООЗ-дың бас маманы К.Д.Ахметкалиева «Туберкулездың алдын-алу» тақырыбында 1аКДО, 1бкдо, 1ПКШИ, 1АКШИ топтарына түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

КОЛЛЕДЖБЕН БАЙЛАНЫС
Мекен-жайы: Қазақстан 090000, Орал қаласы, Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы 173
Телефон: (7112) 24-03-72, 24-01-73, 24-03-45, 31-40-46
E-mail: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

ОҚУ АҚЫСЫН ТӨЛЕУ

Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының «Ж.Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледжі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Нұрсұлтан Назарбаев көшесі, 173

БСН 990940002548
БСК IRTYKZKA
ЖСК KZ6096512F0007757685
"ForteBank" АҚ Орал қаласындағы филиалы. кбе 16
Клиент үшін бірегей код: СEA2272374

Бүгін 72

Кеше 213

Осы аптада 942

Осы айда 2746

Барлығы 190319

Kubik-Rubik Joomla! Extensions

Посмотреть на карте Уральска