«Терроризмнің алдын-алу» бағытындағы түсіндіру жұмыстары

26.02.2019 күні Ж.Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледжінде 1пКШИ, 1пКШО, 1аКДО, 1аКШИ, 1пкКШО, 2пКШО топтарына әлеуметтік педагог А.Мухсинова «Терроризмнің алдын-алу» бағытында түсіндіру жұмысын жүргізді.

«Қазіргі мектеп-жүрегі, Сенсің- колледж түлегі!»

23 ақпан күні Ж.Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледжде Жастар жылына арналған «Қазіргі мектеп-жүрегі, Сенсің - колледж түлегі!» тақырыбында түлектермен кездесу өтті. Кездесуімізге облыстық, қалалық, аудандық мекемелерде қызмет жасап жүрген түлектеріміз қатысты. Кездесу бағдарламасы бойынша түрлі деңгейдегі білім бәсекесіне қатысып, жақсы жетістіктерге жеттіп, білім саласының беделінің артуына өзіндік үлестерін қосып жүрген түлектеріміз Л.Дюсенбаева, Э.Айдыналиева, Ж.Хамза, Б.Елекешов, Г.Дюсенгалиева, Ү.Орынғалиев, А.Қайырғалиевтар жетістіктерімен бөлісіп, сөз сөйледі.

Тағылымы терең кездесу

«Қазіргі мектеп – жүрегі, Сенсің-колледж түлегі» тақырыбында 23 ақпанда өткен колледж түлектерімен кездесуде, «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту» кафедрасы «Кешегі-студент, бүгінгі-маман» атты дөңгелек үстел ұйымдастырды.

Ер балаларымен құқық қорғау органдары және денсаулық сақтау саласы мамандарымен кездесу

22.02.2018 күні 1-2 курс ер балаларымен құқық қорғау органдары және денсаулық сақтау саласы мамандарымен кездесу ұйымдастырылды. Кездесудің мақсаты колледж студенттері арасында әртүрлі құқықбұзушылық пен зиянды заттардың пайдаланудың алдын алу.

«Қайырымдылық» шарасы жалғасуда

Қаламызда «Қайырымдылық» шарасы әлі де жалғасуда. Соның бірі көрінісі – Ж.Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледжінің қайырымдылыққа жаны құштар студенттері 22.02.2019 күні өңіріміздің Ұлы Отан соғысының ардагері Гумаров Ғалымжан атамыздың үйінің ауласындағы және шатырында жиналған қар мен мұздықтарды түсіру жұмыстарын жүргізді. Белсенді жастардан алған осынау игілікті іс алдағы уақытта да жастар тарапынан қолдау табатынына сеніміміз мол!

«Табысты адамдар, табысты ел» тақырыбында жетістіктерге жеткен адамдармен мотивациялық кездесу

Жастар жылына байланысты студенттер үйінде 5 «а» қабатта «Табысты адамдар, табысты ел» тақырыбында жетістіктерге жеткен адамдармен мотивациялық кездесу ұйымдастырылды. Кездесу спикерлері:
1. Кенжин Мерлан Аютұлы- ЖК «Нұр» кеңсе дүкенінің жетекшісі.
2. Шамғалиев Ерлік Мерекеұлы- «Жас Отан» жастар қанаты БҚО филиалы төрағасының орынбасары.

«ЖАҺАНША FEST» зияткерлік сайысы

21 ақпан күні Ж.Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледжінде Жастар жылының он күндігіне орай "ЖАҺАНША FEST" атты зияткерлік сайысы өткізілді. Зияткерлік ойынға 1курс студенттері қатысты. l орынды «1сКШИ»тобы иеленді. Қалған қатысушылар белсенді қатысқаны үшін дипломдармен марапатталды.

«Болашақ-жастар көзімен» тақырыбындатоп жетекшілері тәрбие сағаттарын өткізілді

Мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаев: «Еліміздің келешегі жастардың қолында» деген сөзі жастарымызға қандай жауапкершілік жүктеп отырғанын айқын көрсеткен болатын. Ел ертеңі – бүгінгі ұрпақ екенін үнемі жадында сақтайтын жастар Президентіміздің бағыт-бағдар берген сара жолымен ілгері басып келеді. Қазіргі таңда тәуелсіз мемлекетімізде жастарға білім мен тәрбие беру, оларды барынша әлеуметтік тұрғыда қолдау, ел келешегіне өз үлесін қосатын азамат болып қалыптасуына барлық жағдай қарастырылған.

«Өз құқығыңды білесің бе?»

21.02.2019 күні Ж.Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледжінде директордың әлеуметтік ісі жөніндегі орынбасры Қ.Мажитов және әлеуметтік педагог А.Мухсинованың ұйымдастыруымен 1 курс студенттеріне төтенше жағдайлардың алдын-алу мақсатында «Өз құқығыңды білесің бе?» атты түсіндірме жұмысы жүргізіліп, шараға Орал қалалық төтенше жағдайлар басқармасының бас маманы Назаров Мирас Сәбитұлы қатысты.

КОЛЛЕДЖБЕН БАЙЛАНЫС
Мекен-жайы: Қазақстан 090000, Орал қаласы, Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы 173
Телефон: (7112) 24-03-72, 24-01-73, 24-03-45, 31-40-46
E-mail: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

ОҚУ АҚЫСЫН ТӨЛЕУ

Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының «Ж.Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледжі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Нұрсұлтан Назарбаев көшесі, 173

БСН 990940002548
БСК IRTYKZKA
ЖСК KZ6096512F0007757685
"ForteBank" АҚ Орал қаласындағы филиалы. кбе 16
Клиент үшін бірегей код: СEA2272374

Бүгін 123

Кеше 213

Осы аптада 993

Осы айда 2797

Барлығы 190370

Kubik-Rubik Joomla! Extensions

Посмотреть на карте Уральска